2023 жылдың 12 мамырында Абай аудандық «Мейірбикелік қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Халықаралық медбикелер күніне арналған салтанатты шара өткізді. Салтанатты шарада Абай аудандық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, облыстық «Мейірбике қызметкерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің президенті С.З. Таңатаров, «Саламатты Павлодар» бірлестігінің төрайымы Серікқазинова Гүлнар Кинжитайқызы, Қаланың медициналық ұйымдарының басшылар құттықтау сөз сөйледі.