Абай облысы деңсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атыңдағы жоғарғы мемлекеттік медицина колледжі» 1емдеу С тобы студенттерімен және еріктілер ұйымы мен кітапхана басшылығы «Семей қаласының 8-ші балалар үйіне» әдеби кеш ұйымдастырды. Әдеби кеш тақырыбы: "Ақындар жырлаған туған өлке". Шығыстан шыққан шыңшыл билер мен төкпе ақындарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған әдеби кешке, балалар үйінің балаларыда белсене қатысты. Дүниетанымын кеңейтіп, біліміне біліктілік қосқан балалар біздерге дән риза!