18 сәуір 2023 ж. Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен «dr.Tlemissova» денсаулық орталығының гинеколог дәрігері М.М.Тлемисова кездесу өткізді. Кездесу барысында ерте жыныстық қатынастың, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, түсік түсірудің зияны, отбасын жоспарлау, контрацепция мәселелері қозғалды.Кездесудің мақсаты: студенттердің салауатты өмір салтына, отбасында амандық пен бақытқа құндылық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету. Сұхбат барысында дәріскер жыныстық белсенділіктің ерте басталуының қауіптілігі,ерте жүктілік пен мәжбүрлі түсіктің қыз баланың денсаулығы мен психикасына әсері туралы айтты. Аборттан кейінгі салдары қандай болатыны туралы да сөз
етілді.
Кездесу соңында дәрігер тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.