2023 жылы 29 наурыз күні Абай облысы Семей қаласының №47 мектептің 9,11 сынып оқушыларына «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» оқытушылары Айдана Даулетбекқызы және Айнур Даулетбайқызы кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Мамандықты дұрыс таңдауымен, сапалы маман ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында оқушылар назарына, колледжде даярланатын мамандықтар туралы және де оқу орнының тыныс-тіршілігі, жетістіктері жайында бейнематериалдар ұсынылды, студенттер медициналық дағдылар көрсетті. Оқушыларды муляждармен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыра түстік. Қазіргі таңда медициналық мамандықтардың маңызыдылығын атап өтті.