23.11.2022ж. Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінде Семей қаласының азаматтық қорғаныс төтенше жағдайлар бөлімі тобының аға офицері лейтенант Т.С.Амантаевпен «Өрт және жер сілкінісі кезінде студенттерді колледжден шығару тәртібі», «Өртке қарсы іс-шараларды өткізу тәртібі мен ережесі, «Өртке қарсы құралдарды пайдалану», «Ұнтақ, ауа-көбік, көмірқышқылды өрт сөндіргіштердің түрлері, мақсаты және жұмыс істеу принциптері» тақырыбында колледж ұжымымен кездесу өткізді.
Өрт қауіпсіздігінің шаралары, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау туралы сұрақтар қарастырылды. Студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау – колледждің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.