АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Жатақханада өткзілген бірінші курс студенттеріне арналған «Балмұздақтар кеші»

12.11.2022 жылы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің жатақханасында тәрбиешілер Сарсенбинова Б.Д., Жарасбаева А.З., Қажыкенова А.Т бірінші курс студенттеріне арналған «Балмұздақтар кеші» атты іс-шара өткізді. Бұл оқиға әрбір студенттің өміріндегі ең жарқын және ұмытылмас кезеңнің басталуын білдіреді және әрбір бірінші курс студенті оны асыға күтеді. Іс-шараны жатақхана меңгерушісі Абдрахманова А.Т. ашып, сөз сөйледі. Жатақхананың жоғары курс студенттері 90-жылдардың ән стилінде көптеген қызықты да көңілді сайыстар өткізді. Бірінші курс студенттері сайыстың  барлық кезеңдерінен өтіп, ант қабылдады. Осы сәттен бастап бірінші курс студенттері үлкен және тату отбасының толық мүшесі болды. Студенттерге толассыз жетістіктермен  және  барлық бастамаларында сәттілік тілейміз!

1-posvyashcheniye
2-posvyashcheniye
3-posvyashcheniye
4-posvyashcheniye
5-posvyashcheniye