21.10.2022 жылы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі" ШЖҚ КМК Республика күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан – Қазақстан!» атты мерекелік іс-шара өтті. Колледж студенттері мерекелік бағдарлама әзірлеп, Отан туралы өлеңдер мен әндер шырқалды. Оқытушыларға колледж директоры С.З.Таңатаров мақтау қағаздарын табыстады.
Колледж кітапханасында «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты көрме үйымдастырылды. Барлық топтар "Қазақстан - татулық пен бірлік мекені" атты сынып сағаттары өткiзiлдi.
Колледж жатақханасының акт залында студенттер Республика күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты салтанатты шара өткізді. Әнұран және патриоттық әндер шырқалып, жалынды ұлттық билер орындалды. «Сұрақ-жауап» ойыны және сурет байқауы өткізілді. Жатақхана меңгерушісі мен тәрбиешілер үздік студенттерді марапаттады.