2022 жылы қазан айының 06 күні Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінінің студенттерімен Ішкі саясат бөлімі жастар ресурстық орталығының жетекшісі Кәсілов Жасұлан Тлеубайұлымен кездесу өткізді. Бұл кездесуде Жасұлан Тлеубайұлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жариялаған Жолдауын талқылады. Жолдауда Президенттің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған, сонымен қатар мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, өнеркәсіпті күшейту, білім және ғылым, мәдениет, бизнес салаларына айқын тоқталғаны туралы айтылды. Колледж студенттері Президенттің жаңа Жолдауына қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.