Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледж студенттері республикалық телеарналардан мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына кезекті жолдауын тыңдап, талқылады. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Кәсіптік және техникалық білім беру нарық сұранысына сай бағытталуы керек. Осы салада ата-аналармен, серіктестермен қарым-қатынас орнатылуы қажет екендігіне ерекше тоқталды. Жеке ваучерлерді құру керектігін айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлы жатақхана мәселелесін де назардан тыс қалдырмады.
Біз Жолдауда көтерілген мәселелерді қолдаймыз және іске асыруға барынша ат салысамыз.