АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00
  • 2022 жылдың 07 маусымында ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК онлайн форматта «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ОӘБ кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасының 36 медицина колледжі қатысты.

2022 жылдың 07 маусымында ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК онлайн форматта «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ОӘБ кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасының 36 медицина колледжі қатысты.

2022 жылдың 07 маусымында ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК онлайн форматта «Емдеу ісі» мамандығы бойынша ОӘБ кезекті отырысы өтті. Қазақстан Республикасының 36 медицина колледжі қатысты.
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша ОӘБ төрағасы, колледж директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.З.Танатаров құттықтау сөз сөйледі.
Келесі сұрақтар қарастырылды:
«ІІ Медицина және білім беру: жаңа тұрғылар мен өзекті зерттеулер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы – ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК - әдіскер А.К.Какенова.
Павлодар облысы, ҚР, ТМД елдерінің медицина колледждерінің білім алушыларына арналған «Халықтың өмір сапасы және денсаулығы» ғылыми-тәжірибелік қашықтықтан конференция - Павлодар медициналық жоғарғы колледжі Нурахметова А.О.
Тәжірибе алмасу. «Физиология» пәні бойынша студенттік ғылыми үйірменің қорытындысын шығару, тақырыбы «Фастфуд. Электрондық темекі. Стресс» - ШҚО ДСБ «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК оқытушысы Шакетова А.Ш.
«Балаларды вакцинациялау» Интерактивті электронды ресурс» байқауы Петропавл қаласының Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі - Богач Н.В.
Қазақстан Республикасы медицина колледждерінің 3 курс білім алушылары арасында «Терапия, хирургия, педиатриядағы шұғыл жағдайлар» республикалық онлайн олимпиадасы – Қостанай жоғары медициналық колледжі – Сапарбайұлы А.
ҚР медициналық колледждерінің оқытушылары арасында «Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, арнайы пәндер бойынша тәжірибелік сабақтың үздік әдістемелік әзірлемесі» байқауы - Өскемен жоғары медициналық колледжі - К.О.Кызырова.
«Емдеу ісі» мамандығы бойынша ОӘБ төрағасының орынбасары А.М.Ульбауова отырысты қорытындылап, күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық ашылғанын атап өтті. Баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті тақырыптарға қызықты презентациялар мен бейнематериалдар ұсынды. Олимпиаданың, әдістемелік әзірлемелер конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар, алғыс хаттар табыс етіледі. Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар мен конференция жинағы беріледі.
Әріптестерімізді келе жатқан медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз, шығармашылық табыс, денсаулық, оқу жылының табысты аяқталуын тілейміз!

zoom-1
zoom-2