АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«WorldSkillsShygys-2022»

2022 жылғы 6 - 9 маусым аралығында ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК базасында «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Shygys-2022» аймақтық чемпионаты өтуде.
«WorldSkillsShygys» - халықаралық коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру, бүкіл әлем бойынша халықаралық жарыстарды өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды дәріптеу болып табылады.
WorldSkills 1946 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі - 22 жасқа дейінгі жастар үшін әртүрлі деңгейдегі кәсіби жарыстарды ұйымдастыру және өткізу. Жыл сайын WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионаты өткізіледі.
Чемпионаттың бас сарапшысы - Кенженова А.А., жоғары біліктілік санатты бас медбике, мейірбике ісі бакалавры, Семей қ. № 7 емхана, бас сарапшының орынбасары Гайсина З.Г.
Біз Өскемен жоғарғы медицина колледжінен, Алтай жоғарғы колледжінен, «Семей» медициналық колледжінен келген қонақтарды қарсы алуға қуаныштымыз. Байқауға қатысушылар:
«Семей» медициналық колледжі мекемесі
Қатысушы Тұрсұнханова Назым Серікқызы
Компатриот Жумагельдина Перизат Нуржановна
«Алтай жоғарғы колледжі» мекемесі
Қатысушы Шабалина Марина Сергеевна
Компатриот Лаубаева Ирина Николаевна
«Өскемен жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Қатысушы ТОЛҚЫНБЕКҚЫЗЫ АРУЖАН
Компатриот Сулейменова Жанар Тоқтамысовна
ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Қатысушы Тулешова Мадина Адлетовна
Компатриот Заң Айгерім Асланбекқызы
«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі төмендегілерді қамтиды:
А модулі-стационардағы күтім;
В модулі-күндізгі стационардағы күтім;
С модулі-үйде күтім жасау
Біздің сайыскерлерімізге қызықты, ұмытылмас сайыс тілейміз. Ең мықтылар жеңіске жетсін.

worldskils-2022-1
worldskils-2022-2
worldskils-2022-3