28, 29 мамырда «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК волонтерлері Титов, Байсейітов көшелерінің бойындағы қозғалысы көп көшелерге шығып, 5 маусымда өтетін референдум туралы айтып,, Конституцияға қандай өзгерістер енгізу жоспарланғанын түсіндіріп, «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінің арнайы санын таратты. Олар барша азаматтарды азаматтық белсенділік танытып, 5 маусымда өтетін референдумға келуге шақырды.