АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Денсаулық күні

2022 жылдың 6 мамырында  Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжінің студенттер арасында Денсаулық күні, «Полковник» аралында өткізілді. Мұндай іс-шара дәстүрге айналды және студенттердің табысты өмір сүру үшін денсаулықтың қаншалықты маңызды екенін және салауатты өмір салтын жақсы түсінуі үшін өткізіледі. Дені сау, күшті болу дегеніміз - көп қозғалу және жаттығу. Дене шынықтыру мен спорт, салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі

«Денсаулық күні» бағдарламасы: 100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, нысанаға лақтыру, көңілді старттар, арқан тартыс түрлері бойынша жарыстар өткізілді.Студенттер спорттық дайындықтарын, қайсарлықтарын, ептіліктерін көрсетті, сонымен қатар табиғат аясында жақсы демалды. Әрқашан спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстануларыңызға тілектеспіз!

1-den-zdorovya
2-den-zdorovya
3-den-zdorovya
4-den-zdorovya
5-den-zdorovya
6-den-zdorovya