ШКО денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2022»

2022 жылдың  11 наурыз күні  колледжде «Түлектер  жәрмеңкесі-2022» өтті.Жәрмеңкенің мақсаты – колледж түлектеріне жұмысқа орналасуға көмектесу, жас мамандарға қызықты, болашағы зор жұмыс орындарын табуға көмектесу, жұмыс берушілер тарапына жаңа кадрларды  таңдау. Бұл жәрмеңкеге «Емдеу ісі», «Мейірбике ісі», «Акушерлік іс», «Зертханалық диагностика», «Фармация», «Ортопедиялық стоматология» мамандықтарының түлектері  мен    Семей, Павлодар, Ақсу, Риддер қалаларының,  Шүлбі кенті, Бесқарағай, Жарма аудандарының медициналық ұйымдарының басшылары ат салыса қатысты. Құттықтау сөзінде колледж директоры Таңатаров С.З. ШЖҚ КМК «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі»  қарқынды дамып келе жатқан, материалдық-техникалық әлеуетін арттырып, жыл сайын білім беру бағдарламалары нарығында жетекші орынды иеленіп келе жатқан колледж. Сонымен қатар,  заманауи еңбек нарығының өзгермелі қажеттіліктерін бақылайды, оқытуда инновациялық білім беру технологияларын қолданады. Ғылым, білім және тәжірибені интеграциялау стратегиясын басшылыққа ала отырып, колледжде медицина саласына жоғары білікті кадрлар даярлау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізілуде.  Медициналық мекемелердің өкілдері жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңестер беріп, студенттерді  бос жұмыс орындарымен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысу ережелерімен және талаптарымен таныстырды.

yarmarka-1
yarmarka-2
yarmarka-3
yarmarka-4
yarmarka-5
yarmarka-6
yarmarka-7
yarmarka-9
yarmarka-10
yarmarka-11