АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00
  • ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие.

ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие.

ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие.

Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында персоналды басқару қызметінің қызметкерлерімен бірге Павлодар қаласының № 4 емхана басшысы А.Т.Отарбеков пен Ақсу қ. қалалық ауруханасының директоры М.Т. Мукашев колледжге келді.

Жұмыс берушілерді колледж директоры С.З.Танатаров, директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары А.М.Ульбауова, жұмысқа орналастыру менеджері Д.Р.Куанышбаева қарсы алды.

«Мейірбике ісі», «Акушерлік іс», «Лабораториялық диагностика» мамандықтарының түлектері болашақ жұмыс берушілермен кездесуге жауапкершілікпен дайындалып, сұрақтар қойды.

Медицина ұйымдардың басшыларынан білім алушылар қызығушылықтары бойынша бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары, әлеуметтік пакеттер, тәлімгерлік туралы толық ақпарат алды. А.Т. Отарбеков пен М.Т.Мукашев наурыз айында өтетін жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесіне шақырылды.

ШҚО ДСБ «Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК Павлодар қаласының № 4 емханасымен, Ақсу қаласының қалалық ауруханасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

proforient-3
profff
proforkalmataev-343