АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Қолданбалы бакалавр білім беру бағдарламасының дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау

3-16 қараша аралығында «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК жедел оқу траекториясымен қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғау өтті. Колледж директоры, профессор Танатаров Саят Замамбековичтің басшылығымен медицина ғылымдарының магистрлары құрамындағы комиссия 76 білім алушының баяндамаларын тыңдады. Дипломдық жұмыстың тақырыбы мейірбикелік қызметтің ерекшеліктеріне және әр түрлі аурулардың алдын алу және емдеудегі мейірбикенің рөліне, сондай-ақ мейірбике ісіндегі менеджментке арналған. Әр жұмыс өзінің өзекті және мейірбикелік істі жеке ғылым ретінде дамытуға өз үлесін қоса алады. Тәжірибелі медбикелер болып табылатын қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының студенттері дипломдық жұмыстарды жазу қиын, бірақ қызықты және пайдалы тәжірибе болғанын атап өтті. Магистратура аясында көптеген жұмыстардың одан әрі дамуына мүмкіндіктер бар.

pred-1
pred-2
pred-3
pred-4
pred-5