2021 жылдың 11-13 қараша күндері «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» «Медбикелік іс», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша 2021-2022 оқу жылының жаңадан қабылданған білім алушыларының ата-аналарына жалпы колледждік жиналысы өткізілді.
Негізгі сұрақтар:
Ата-аналар жиналысы мәжіліс залында, әдістемелік кабинетте және бекітілген аудиториялардағы топтарда өткізілді.
Колледж директоры С.З.Танатаров ата-аналарға колледж жетістіктері, алдағы жоспарлар, проблемалары туралы айтып берді. Қазіргі кезеңде вакцинацияның маңыздылығын, әсіресе кәмелетке толмағандарды ПФАЙЗЕР вакцинасымен егу туралы түсіндірді. Ол өзіңізді COVID-19-дан қорғаудың жалғыз және тиімді әдісі иммундау екенін атап өтті. Теміржол ауруханасының дәрігерлері де ата-аналарға ПФАЙЗЕР вакцинасы туралы айтты.
Инспектор Исаинова А.А. әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершіліктер туралы (440, 441, 442-баптар), сондай-ақ АП бойынша ҚК-нің басқа да әкімшілік баптарын түсіндірді.