АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Ерте жүктіліктің алдын алу»

01.11.2021 «Семей қаласы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК 1 курс студенттер арасында «Аналар үйінің» үйлестірушісі Нұртазина Айнагүл Ғалымбекқызымен кездесуі өтті. Өткізілген тақырып: «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу».

Семейде жүктіліктің кеш кезеңінде және өмірлік қиын жағдайға тап болған жаңа туған нәрестелері бар әйелдер үшін «Аналар үйі» дағдарыс орталығы құрылды.

Аналар үйі қолдаусыз қалған, қолында жаңа туған нәресте немесе жүктіліктің үшінші триместрінде қалған әйелдер үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Ашылғаннан бері орталыққа 170-ке жуық әйел мен бала жүгінген. Аналардың жаңа туған балаларынан бас тартуының 70 пайызының алдын алды.

Семей қаласындағы «Аналар үйінің» үйлестірушісі Айнагүл Ғалымбекқызы отбасы қандай қиын материалдық жағдайға тап болса да, баланың дені сау болып өсуіне ең қолайлы жер – ананың қасында болу деп есептейді. Тәжірибе көрсеткендей, аналардың басым көпшілігі баласын балалар үйіне бергісі келмейді. Оларға дер кезінде қолдау көрсету керек. Бұған біздің «Аналар үйі» орталығының қызметкерлері көмектеседі.

Орталықтың көрсететін көмегі:

  1. «Аналар үйінде» тұру;
  2. Психологиялық көмек;
  3. Медициналық көмек;
  4. Құжаттарды қалпына келтіру және жәрдемақыларды ресімдеу;
  5. Білім;
  6. Практика, жұмысқа орналасу.

Мұндай отбасыларға көмектесудің мақсаты – балалардың жетімдер үйіне түсуіне жол бермеу.

Кездесуде студенттер өздерін қызықтырып жүрген мәселелер бойынша көптеген ақпарат алды.

img-1
imgonli-2
imgonline-3
imgonline-4