АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Жасөспірім және Заң»

2021 жылдың 29 қазанында «Семей қаласы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі» жатақханасында тұратын білім алушыларға «Жасөспірім және Заң, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында іс-шара өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар: колледж жатақханасының тәрбиешілері А.Жарасбаева, Б.Сәрсенбинова. Іс-шараға шақырылғандар:

  • Самаева Т.А. – ШҚО Семей қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.
  • Максуткызы А. - Әуезов ПБ ЖПҚ МЮП УПИ полиция капитаны.
  • Нургалиева Ф. - Әуезов ПБ ЖПҚ МЮП УПИ полиция капитаны.

Бұл іс-шараның мақсаты – білім алушылардың өз іс-әрекеті үшін жауапкершілік сезімін, заңдардың қажеттілігі мен міндетті түрде сақталуын, басқа адамдарға деген толерантты көзқарасты қалыптастыру.

Кездесу барысында келесі сұрақтар қойылды:

- жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі туралы,

- темекі шегудің, алкогольдің, электронды темекінің, энергетикалық сусындардың, насыбайдың зияны туралы.

Бұл кездесу барлық білім алушылардың қызығушылығын тудырды, өйткені заң бұзушылық жасаған кезде заң бұзылып қана қоймай, сонымен бірге туыстары мен жақындарына да ауыр тиеді. Колледжде құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.

1
2
3