АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Жыныстық жолмен берілетін ауруларлардан сақтан!

Соңғы уақыттары қоғамда қыз баланың кәмелеттік жасқа толмай жүкті болуы кең етек алып барады. Ерте жүктіліктін соны жасанды түсік болуы мүмкін! Құлаққа түртпідей тиетін бұл сөздер соңғы жылдары үйреншікті жағдайға айналды.Қазақстанда жылына шамамен 7мың түсік жасалады. Бұл өте күрделі мәселе. Онымен қоса жыныстық қатынас салдарынан таралып жатқан жұқпалы аурулар саны қаншама.Соңғы он жылда жыныстық жолмен берілетін аурулармен (бұдан әрі-ЖЖБА) ауыратын адамдар саны күрт өсті.
Әрине,жасөспірімдердің ерте жүктілігі қоғам үшін де,ұлтымыз үшін де үлкен қасірет! Сондықтан да,бұл мәселе бізді де бей-жай қалдырмады.Соған байланысты «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» 3-ПБ2 студенттері 1 курстар арасында «Ерте жүктіліктің ертеңі күмәнді!», «Жыныстық жолмен берілетін ауруларлардан сақтан!» атты тәрбие сағатын жүргізді.
Ашық сабақ барысында,студенттермен жыныстық тәрбие мен жеке бас гигиена туралы дәріс өткіздік.Ерте жүктіліктің және жыныстық қатынас себебінен пайда болатын аурулар мен олардың алдын алу, сонымен қатар жыныстық қатынастан кейін болатын асқынулар мен психологиялық жағдайлар туралы мәселелер талқыланды.Сонымен қатар олармен ашық түрде сұхбат жүргізіп, сауалнама алынды.
Ашық сабақ мақсаты: Студенттердің өзінің қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін ояту, өз тәртібі мен мінез-құлығын саналы түрде реттеу қабілетін қалыптастыру.
Көптеген ата-аналар балалармен жыныстық тәрбие туралы сөйлеспейді. Сондықтан бүгін біз жасадық!
Тәрбие сағаты үшін жауапты оқытушы: Какенова А.К
Тәрбие сағатына барлығы 27 студент қатысты.
1
2
3
4
5