Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бастамасы аясында «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы басталды. «Семей қаласындағы Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің» еріктілері «Қайырымды істер марафонына» белсенді қатысты, еріктілер студенттер мен оқытушылар арасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды. 25.03-02.04.2021 жылы акция аясында жиналған кітаптар «Адалдық кітапхана» колледж жатақханасының оқу залына өткізіледі.