АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Саламатты Жас Сарбаз» байқауы.

"Айбын-2020" VI әскери-патриоттық жастар жиыны аясында онлайн-форматта Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша "Саламатты Жас Сарбаз" байқауы өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты-жиынға қатысушылардың алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білім мен дағдыларды игеруі.

Командалар шұғыл жағдайлар бойынша ситуациялық тапсырмаларды орындап, белгіленген уақыт ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. "Жас барлаушы" әскери-патриоттық клубының мүшелері "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы №49 ЖОББМ білім алушылары Оразханов Мәди мен Омарғалиева Махаббат алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жақсы білімдерін көрсетті.

«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжінің» ШЖҚ КМК оқытушылары Асқаров Дамир Ерболұлы және Нургазинова Назгүл Мұратбекқызы байқауға қатысушыларды дайындауға белсенді қатысты.

Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

1
2
3
4