«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» оқытушылары Асқаров Дамир Ерболұлы мен Нургазинова Назгүл Мұратбекқызы " ШҚО Жас – қыран" әскери-патриоттық клубының құрама командасының конкурсанттарын дайындауға көмек көрсетті. «Семей қаласының № 3 орта мектебінің» 11 сынып оқушысы Дулатұлы Аслан және «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің» 1 курс студенті Түсіпбаева Перизат "Айбын-2020" VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында оn-line форматында "Саламатты Жас Сарбаз" алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша жарысқа қатысуда.Байқаудың негізгі мақсаты-жиынға қатысушылардың алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білім мен дағдыларды игеруі. Командалар шұғыл жағдайлар бойынша ситуациялық тапсырмаларды орындайды, белгіленген уақыт ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. ШҚО құрамасына үлкен жетістіктер тілейміз!