АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Бос орындар жәрмеңкесі – 2020

2020 жылдың 13 наурызында «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК жыл сайынғы «Бос орындар жәрмеңкесі – 2020» өтті.

Д.Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжі түлектері әрдайым еңбек нарығында сұранысқа ие. Бүгінгі таңда көптеген түлектерді жұмыс орындары күтіп тұр, медициналық ұйымдар басшыларының өтініші бойынша студенттер диплом алдындағы практикадан өтіп, кейін жұмысқа орналасады.

2020 жылғы түлектер саны 377 адамды құрайды, олар болашақ фельдшерлер, медбикелер, фармацевттер, тіс технигі, зертханашылар.

Қаланың және өңірдің медициналық ұйымдарының бірінші басшылары шақырылды: ШҚО психиатриялық диспансер Шульбинск кенті бойынша бөлім, Семей қаласы бойынша бөлім, «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Күршім ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМҚК, «Семей қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КМК, «Семей қаласының № 2, 3 емханасы» ШЖҚ КМК, «Семей қаласының № 2 қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК, «Семей қаласының № 7 емханасы» ШЖҚ КМК, «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының мейірбикелік күтім ауруханасы», ЖШС «INVIVO», «ЖАН-ЕР медициналық орталығы», «Хаким» емханасы, «Тоқтамыс» балалар емханасы, Жарма аудандық орталық ауруханасы, Шемонаиха қаласының аудандық орталық ауруханасы, Шүлбі дәрігерлік амбулаториясы, 3 КДК.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қазіргі бітіруші – болашақ мамандарға өздерін қызықтыратын бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға, ал жұмыс берушілерге түлектердің іскерлік сапасын бағалауға және жас кадрларды тартуға мүмкіндік береді.

Колледж түлектері болашақ жұмыс берушілермен кездесуге жауапкершілікпен дайындалды, медициналық ұйымдардың басшыларына түйіндемесі, мінездемесі, грамоталары, сертификаттарымен портфолио ұсынды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша жұмыс берушілер 150-ге жуық түлектердің түйіндемесін іріктеп алды.

Д.Калматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі әкімшілігі бос орындар жәрмеңкесіне қатысқан жұмыс берушілерге алғыс білдіреді.

5
4
1
2
3
6
7
8