28.02.2020 ж. «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК мәжіліс залында «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», мамандықтары бойынша 3 курс студенттеріне арналған діни саладағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру және діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы қызмет мамандарымен кездесу өтті.
Студенттермен кездесу барысында ақпараттық-насихат тобы өкілдері Жүнісбек А.С., Такуов А., Касымжанов Ж.М. дін мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер әлеуметтік желілер, рәсімдер, намаз оқу, көп әйел алу, хиджаб, Сириядағы оқиғалар туралы сұрақтар толғандырды.
Мамандар сұрақтарға түсінікті және сауатты түрде жауап берді. Әлеуметтік желі арқылы психологиялық жат ағымдарға насихаттау жайлы психолог студенттерге түсіндіріп өтті, сонымен қатар діни ағымдарды насиғаттау және діни идеяларды таратудың жауапкершілігі жайлы заңгер түсіндірді. Кездесу қызықты өтті. Кездесу кезінде видеоматериалдар, слайдтар, фильмдер көрсетілді. Бұл кездесулер үнемі өткізіліп тұрады.