2020 жылдың 3 - 12 ақпан аралығында елімізде дәстүрлі өзін-өзі тану онкүндігі өтті. Онкүндігі аясында колледжде өткізілді:
- «Жақсы нәрсе жер бетінде жүреді!» тақырыбындағы пікірсайыс турнирі өткізілді. 1 мейірбике ісі «А», «В» студенттері қатысты. Үздік спикер номинациясын 1 «В» мейірбике ісі тобының студенті Жабықбаева Аян иеленді.
- «Жақсылық жаса» еріктілер акциясы. «Емдеу ісі» мамандығының 4 курс студенттері, колледждің «Сенім» жастар ұйымының жетекшілері «Жақсылық жаса» еріктілік акциясына қатысты. Колледждің еріктілері «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының» «Мейірбике ісі ауруханасы» қызметкерлеріне аурухана аумағынан қарды тазалауға көмектесті.
- Кітапханада «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды
- «Балаларға арналған жүрек» тақырыбында әңгімелер, сынып сағаттары өткізілді
Онкүндік «Махаббат – өмір негізі» атты жалпы республикалық сабақпен аяқталды. Сабақ жалпыадамзаттық құндылықтарды бекіту, адамгершілік-рухани білім беруді дамыту, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ілгерілету бойынша С.А.Назарбаеваның қоғамдық қызметіне арналған. С.А.Назарбаеваның туған күніне орайластырылған және білім алушылар тұлғасының адамгершілік-рухани әлеуетін дамытуға, олардың өмірдегі адамгершілік бағдарлардың маңыздылығын сезінуіне, қоғамға қызмет ету дағдыларын дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тануға бағытталған. Сабақты «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушылары Нурсалова Л.Н., Жумагалиева А.С., өткізді. 1 емдеу ісі «В» тобы белсене қатысты.