2019 жылдың 5 қарашада «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК кезекті педагогикалық кеңес өтті. Бірінші курс студенттерінің жаңа оқу жағдайларына бейімделуі туралы толық есепті педагог-психолог Л.Н.Нурсалова ұсынды. Ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі бөлім қызметінің нәтижелерімен бөлім басшысы Д.С.Бокин таныстырды. Бөлім меңгерушілері Икласова Ж.М., Досымжанова Ж.К., Жумагельдина Б.Б., Муздыбай Г.А. аралық аттестаттау нәтижелері және оқу үдерісінің жағдайы туралы баяндама жасады. Жатақхана меңгерушісі Г.К.Сеилгазина колледж жатақханасының жағдайы туралы есеп берді, одан кейін студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және жатақханада тұру жағдайын жақсарту мәселелері жалпы талқылауға шығарылды, тиісті шешімдер қабылданды. Сонымен қатар, педагогикалық кеңесте жас оқытушыларды оқыту, ұжымдағы сабақтастық мәселелеріне назар аударылды. Корпоративтік этика тақырыбына персоналды басқару қызметінің маманы Б.Сейфоллина сөз сөйледі.