АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Реабилитология және курортологияның басым бағыттары» атты конференцияда қатысу.

 

«Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК IV СД «А» тобының студентi Багдатов Багдат 20-21 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев Университетінде өткен «Реабилитология және курортологияның басым бағыттары» атты халықаралық VII ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Конференцияға Ресей, Италия, Беларусь, Қытай денсаулық сақтау салаларының өкілдері шақырылды. Конференцияның катысушылары «University Medical Center» атты реабилитациялық орталыққа барып, бассейндерді көрді, шетелдік және қазақстандық физиотерапия жаттығулардың нұсқаушыларымен кездесті, жұмыс тәжірибесімен алмасты.