23.09.2019 ж. «Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК мәжіліс залында «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі», «Лабораториялық диагностика» мамандықтары бойынша (9-шы негізінде) 1 курс студенттеріне арналған діни саладағы мемлекеттік саясатты ақпараттандыру және діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу бойынша арнайы қызмет мамандарымен кездесу өтті.
Студенттермен кездесу барысында ақпараттық-насихат тобы өкілдері Жүнісбек А.С., Өмірханов М.Е. дін мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер джихад, хиджаб, әлеуметтік желілер арқылы тарту, әдет-ғұрып туралы сұрақтар толғандырды.
Мамандар түсінікті және сауатты түсінік берді. Кездесу қызықты өтті.