АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Диплом алдындағы практикадан сәтті өтті

«Семей қаласының мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК «Мейірбике ісі», «Емдеу ісі» мамандықтары бойынша 4 курс студенттері «Нұр-Сұлтан қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығын»-да, «Павлодар перинаталдық орталығын»-да, «Өскемен  қаласының гематология орталығын»-да, Нұр-Сұлтан қ. «Достық» отбасылық емханасында диплом алдындағы практикадан сәтті өтті. Диплом алдындағы практика бағдарламасы орындалды. Түлектер туралы көптеген жағымды пікірлер берілді. Әкімшілік түлектерге сертификаттар, алғыс хаттар тапсырды және жұмысқа орналасуға шақырылды. Медициналық мекеме басшылары колледждің педагогика ұжымына сапалы мамандар дайындағаны үшін алғыс білдірді.

Біздің түлектерге сәттілік тілейміз! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз, денсаулық, бақыт және табыс тілейміз!

1
2
3