2019 жылдың 9 мамырында Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы жоғарғы медицина колледжінің оқытушылары және студенттері ардагер Гончаров Виктор Васильевичтің үйіне барып Жеңіс күнімен құттықтап, азық-түлік, дәмді-тәттілерді табыс етті.
Гончаров Виктор Васильевич өмір жолы бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. 1941 жылдың аяғы, 1942 жылдың басында «Партизандар отрядына» шақырылған, ол кезде Виктор Васильевич бар жоғы 14 жаста болған. Станлинград майданына қатысып, майдандық ерлігі үшін 2 мәртебелі «Ұлы отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордені және 2 мәртебелі даңқ ордендерімен марапатталынған.Бүгінде зайыбы екеуі 2 бала тәрбиелеп, немере, шөбере сүйіп отыр.
Жеңіс жолында табандылық пен ерлік танытқан ардагерімізге алғысымыз шексіз. Біздің парызымыз — ардагерлеріміздің өнегелі өмір жолын, ерліктерін келер ұрпаққа жеткізіп, насихаттау. Ардагерлер — біздің мақтанышымыз. Біз сіздерді үлгі етеміз.Ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Сұрапыл соғыста кеудесін оққа тосып, ел қорғаған, бейбіт күнде ел тыныштығы үшін адал еңбек еткен аға ұрпақтың өнегелі жолын дәріптеу, әсіресе қазіргі жастарымызды отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу маңызды. Гончаров Виктор Васильевич сынды ардагерлеріміздің ерлік өнегесі қай кезде де патриотизмнің жарқын көрінісі болып қала бермек.