ҚР Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының 2016-2019жылғы «Денсаулық» бағдарламасы аясында, 10-сәуір күні «Физиология» пәні бойынша үйірме жұмысы тарапынан оқытушы Шакетова А.Ш жетекшілігімен 37-мектеп 9-сынып арасында және ШҚО «салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесінің мүшесі дәрігер- валеолог Мукашев Б.Ж қатысуымен «Дұрыс тамақтану» атты тақырыпта сайыс өткізілді. Сайысқа белсене қатысқан мектеп оқушыларына сыйлықтар берілді. Ұйымдастырушы 3 мейірбике ісі 3 топ білім алушыларына грамота табысталды.