АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 56-35-00

АИТВ инфекциясының алдын алу – денсаулықты қорғаудың маңызды бөлігі

2026 ж.15-17 қыркүйек аралығында Д. Қалматаев атындағы жоғарғы мемлекеттік медицина колледжінде Абай облысының АИТВ инфекциясының алдын алу орталығымен бірлесіп, АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған акция өткізілді.
Үш күн бойы Орталық мамандары колледж студенттер мен ақпараттық кездесулер өткізіп, АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары, уақтылы тестілеуден өтудің маңыздылығы және өзінің АИТВ мәртебесін білудің қажеттілігі туралы ақпарат берді.
Акция аясында ниет білдірушілер колледждің өзінде АИТВ инфекциясына тестілеуден өте алды. Орталық мамандары қан алу жұмыстарын тікелей колледж базасында жүргізді.
Іс-шараға барлығы 500-ден астам студент пен оқытушы қатысты.
Өз АИТВ мәртебеңді білу – денсаулығыңа қамқорлық жасау!
1-VISH
2-VISH
3-VISH