2026 жылғы 4 қыркүйекте Д. Қалматаев атындағы Мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің «Зертханалық диагностика» мамандығы бойынша білім алатын 4-курс студенттері Абай облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының ұйымдастыруымен өткен Ашық есік күніне қатысты.
Экскурсия барысында болашақ мамандар санитариялық-гигиеналық, вирусологиялық және бактериологиялық зертханалардың жұмысымен танысып, мамандардың күнделікті қызметін өз көздерімен көріп, заманауи зертханалық диагностика бағыттары туралы көптеген жаңа ақпарат алды.
Студенттер кәсіби ортаға үлкен қызығушылықпен еніп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зертхана мамандарының жұмысының қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсінді.
Біз кәсіби білікті мамандар даярлаймыз! Осындай кездесулер студенттерге таңдаған мамандығын тереңірек түсінуге және болашақ кәсіби қызметіне сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
Абай облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығына ашықтығы, қонақжайлылығы және жемісті ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз!