Семей қ. жұмыс сапары барысында «Чернобыльден де маңызды іс» Ирландиялық қайырымдылық қорының жетекшісі Фиона Коркоран Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің паллиативтік көмек көрсететін «Хоспис» бөлімшесіне барды.
2026ж. 28 тамызында Фиона Коркоран Семей қаласының әкімімен кездесті. Кездесу барысында паллиативтік көмекті дамыту, Хосписті қолдау және одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Пациенттер үшін барынша қолайлы жағдай жасауға және мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Фиона Коркоран Хосписке 1 184 700 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті. Пациенттердің жағдайларын жақсартуға бөлінген қаражатқа қажетті тұрмыстық техника сатып алынды.
Фиона Коркоранның сапары халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтың, адамгершіліктің, мейірімділік пен өмірінің қиын кезеңінде жүрген адамдарға қолдау көрсетудің жарқын үлгісі болды.
Фиона Коркоранға жүрек жылуы, ықыласы, жанашырлығы және Хосписке көрсеткен елеулі қолдауы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.