22 мамыр күні Электротехникалық колледжінде өткен Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында Ұлы Жеңістің 81-жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлерінен облыстық жарыста Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медициналық колледжінің намысын қорғаған студенттер белсенді қатысып, жалпы командалық есепте ІІІ-орын иеленді.
Сайысқа барлығы 12 команда қатысып, қатысушылар спорттың төрт түрі бойынша өзара бақ сынасты.
Біздің колледждің намысын қорғаған студенттер:
* Саулетхан Б. - 4 дантист «А» тобы
* Молдағалиева А. - 2 емдеу ісі «В» тобы
* Советова Г. - 2 мейіргер ісі «2» тобы
* Матқұрман Б. - 1 емдеу ісі «В» тобы
* Амангелдиева Н. - 1 емдеу ісі «В» тобы
Студенттерімізді жүлделі орындарымен құттықтаймыз!