Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледж» ШЖҚ КМК-да 3 курс студенттерінің қатысуымен «Салауат» жастар денсаулық орталығының мамандары (ТОО «Семей теміржол ауруханасы») тарапынан маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында дәрігер Букенова М.Г. және психолог Жадыкова А.А. студенттермен «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік» тақырыбын жан-жақты талқылады.
Ерте жүктіліктің себептері, медициналық және әлеуметтік салдары, жас ағзаға тигізетін әсері мен ықтимал қауіптері түсіндірілді.
Сонымен қатар жастардың жауапкершілігі, саналы шешім қабылдау, контрацепция әдістері және репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, соңында интерактивті викторинамен қорытындыланды.
Осындай іс-шаралар жастардың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, болашақ ұрпақтың саулығына негіз болады.