2026 жылғы 13 наурызда Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК-да дәстүрлі «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі түлектерге – болашақ мамандарға өздерін қызықтыратын бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға, ал жұмыс берушілерге жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
2026 жылғы түлектер саны – 351 адам. Колледж түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие. Қазіргі уақытта көптеген түлектерді жұмыс орындары күтіп отыр.
Жәрмеңкеге Семей, Риддер, Аягөз қалаларының, сондай-ақ Бородулиха, Қалбатау және Ақсуат ауылдарының медициналық ұйымдарының 22 басшысы қатысты.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК әкімшілігі осы іс-шараға белсенді қатысып, көпжылдық жемісті ынтымақтастық танытқан барлық жұмыс берушілерге алғыс білдіреді.