Абай облысы ДСБ «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК түлектері жұмысқа орналасу жолында.
Кеше «Лабораториялық диагностика» 4-топ студенттері үшін Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығының маманы Фарида Ахатқызымен кездесу ұйымдастырылып, жұмыс ерекшеліктері, заманауи зерттеу әдістері, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.
Көптеген студенттер өздерінің кәсіби жолы осы жерден басталады деп нық шешті. Мұндай кездесулер студенттерге болашақ жұмыс берушімен бетпе-бет кездесіп, өз мамандығына сенімді қадам басуға тамаша мүмкіндік!