АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

«Түлек – 2026»

 

24 ақпан күні Семей қаласындағы Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің «Медбикелік ісінің қолданбалы бакалавры» тобының түлектерін үлкен өмір жолына шығарып салу салтанаты өтті.
Біз болашақ медицина мамандарын жаңа белеске шығарып салдық. Үш жыл алты ай бойы тынымсыз еңбек, ұйқысыз түндер, тәжірибелік сабақтар, кәсіби дағдыларды меңгеру – осының бәрі түлектерімізді нағыз маман ретінде қалыптастырды.
Сіздерді осы маңызды кезеңмен шын жүректен құттықтаймыз! Колледж қабырғасында алған білімдеріңіз мықты іргетас болып, таңдаған мамандығыңызға деген сенімдеріңізді арттырып, әрқашан биік белестерге жетелесін.
Ақ халатты абыроймен киіп, ел денсаулығы жолында адал қызмет етулеріңізге тілектеспіз!