13.02.2026 күні Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі жатақханасында «Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу «Абай облысы Діни мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Ақпараттық-түсіндіру және талдау бөлімінің маманы мен жатақхана студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылды. Бұл кездесудің мақсаты — студенттерге діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігі туралы түсінік беру, оның пайда болу себептері мен салдарын ұғындыру. Ақпараттық-түсіндіру және талдау бөлімінің маманы профилактикалық әңгіме барысында қоғамның әлеуметтік, құқықтық және діни қырларына тоқталып, студенттерді террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағыттағы арандатулардан сақ болуға шақырды. Лекция соңында тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетілді. Кездесу барысында студенттер өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ жеке қауіпсіздігіне қатысты көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толық жауап алды.