«Medical soft skills»
Абай облысында жас медициналық колледж оқытушыларының кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған «Medical soft skills» чемпионаты өтті. Іс-шара «Авиценна» жоғары медициналық колледжі базасында ұйымдастырылды. Чемпионат екі күн бойы екі модуль бойынша өтті:
✓ А модулі – «Медициналық ұйым жағдайында (хоспис / стационар) дәлелді күтімді жүзеге асыру»;
✓ В модулі – «Пациентке үй жағдайында күтім ұйымдастыру». Чемпионат барысында қатысушылар жоғары кәсіби дайындық деңгейін, педагогикалық шеберлікті, коммуникативтік дағдыларды және практикалық тапсырмаларды орындауда шығармашылық көзқарасты көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I орын – Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК оқытушысы Даниярова Арайлым Ермекқызы;
II орын – «Авиценна» жоғары медициналық колледжінің оқытушысы Ақтынбаева Назира Бағыланқызы;
III орын – «Семей» медициналық колледжінің оқытушысы Бейсембаева Шынар Еркиновна.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткізіліп, медициналық колледж оқытушылары арасында кәсіби құзыреттілікті, педагогикалық әлеуетті дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталды.