Қазақстан Республикасы Президентінің «Жұмысшы кәсіптер жылын жариялау туралы» Жарлығын іске асыру аясында КММ «Өңірлік инновациялық-әдістемелік орталығы» Абай облысындағы білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес, бүгін Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі «№49 орта білім беру мектеп» КММ-мен бірлесіп, «Дублёр күні» жобасын өткізді. 9-сынып оқушысы Медгатова Аружан паллиативтік көмек бөлімшесінде медбикеге көмек көрсетті, медбикеге науқасты күтуге және тамақтандыруға көмектесті. Аружан таңдаған мамандығының ерекшеліктерін өз көзімен түсінді.