2025 жылғы 6 қазан күні Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінде 1 курс студенттерінің қатысуымен полиция басқармасының жедел уәкілдері Ерболов Т.Е. және Ерболов Д.Е.-мен кездесу өтті.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қозғалды:
• буллинг және кибербуллинг;
• интернет-алаяқтық;
• есірткі заттарын тұтынудың алдын алу және олардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.