АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Құқықбұзушылықты алдын алу

Студенттердің арасында құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында 2025 жылғы 29 қыркүйекте колледжде Семей қаласы ЦОП криминалдық полиция бөлімінің орынбасары, полиция аға лейтенант Өмірбекұлы А. және ЦОП ИДИ полиция аға лейтенант Макымбаев Е.Е.-нің қатысуымен 1-курс студенттерімен профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі жөнінде әңгіме жүргізілді.
Әңгіме барысында ұрлық, тонау, қорқытып алу, дене жарақатын келтіру сияқты құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ темекі шегу, спирттік ішімдіктерді пайдалану, дропперлік, буллинг, көшеде, қоғамдық орындарда және көпшілік демалыс орындарында өзін-өзі ұстау ережелері де талқыланды.
1-qyquk-bjpg
2-qyquk-bjpg
3-qyquk-bjpg
4-qyquk-bjpg