АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Денсаулығыңызды қорғау

2025 жылдың 19 қыркүйегінде Абай облысы ДСБ «Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» ШЖҚ КМК медициналық орталықтың бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 2 курс студенттері мамандардың қарауымен медициналық тексеруден өтті. Медициналық қызметті «Жан Ер» МО жүзеге асырды, қазіргі таңда аталған медициналық ұйымға биылғы оқу жылына қабылданған студенттерді тіркеу жалғасуда.
22 қыркүйек күні алдын-алу шаралары аясында таңғы сағат 8:00-ден бастап колледж ауласында жылжымалы флюорограф жұмыс істеп, 2-4 курс студенттері флюорографиялық тексеруден өтті.
Бұл шаралар аурудың алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған.
Колледж әкімшілігі мен медициналық ұйым студенттерге қолайлы болу үшін барлық жағдайды жасады. Күнделікті колледждің 102 кабинетінде «Жан Ер» МО сенімді дәрігері Р.Е. Ерболов пен мейіргер А.Ж. Турлыбекова қызмет көрсетеді.
101 кабинетте колледж мейіргерлері Жумаканова Ж. және Габиденова Т. науқастарды қабылдайды.
1-dn
2-dn