«Ана тілім – пір тұтқан кием менің» мәнерлеп оқу сайысы.
2025 жылдың 15 қыркүйек күні 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні «Тілдер шеруі» айлығы аясында 1-курс білім алушыларының арасында «Ана тілім – пір тұтқан кием менің» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Мақсаты: Білім алушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт — дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Білім алушылардың ой — өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иеленгендер: Әсен Каусар, 1 емдеу ісі «Е» - 1орын, Асқатова Дильназ, 1 мейіргер ісі «В»; Байдусенова Еркежан, 1 емдеу ісі «А» - 2 орын, Әсенова Хамида, 1 емдеу ісі «Ф»; Серікқызы Перизат, 1 мейіргер ісі «С»; Қыдырғали Аңсаған, 1 емдеу ісі «Ф» - 3-орын. Қалған қатысушылар арнайы номинация алғыс хаттарымен марапатталды.