АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

2025 жылғы 8 қыркүйекте колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жыл сайынғы дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады. Президент өз үндеуінде дамудың негізгі бағыттарына: цифрлық трансформацияға, экономикалық егемендікке және саяси жаңғыруға ерекше назар аударып, инвестицияларды тарту жүйесін түбегейлі түрде жаңартуды тапсырды. Еліміздің институционалдық дамуының маңызды кезеңі болатын жаңа парламенттік модельге көшудің маңыздылығын атап өтіп, жолдаудың негізгі бастамаларымен танысты. Колледж ұжымы Президент жолдауының оқу орны қызметі негізіне алынатынын оны жүзеге асыруға белсене атсалысатынын тұжырымдады.

1-zholdau
2-zholdau
3-zholdau
4-zholdau