АБАЙ ОБЛЫСЫ ДСБ «Д. ҚАЛМАТАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖОҒАРҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ» ШЖҚ КМК
Меню
8 (7222) 36-14-79, 36-03-31, 56-35-00

Пациент пен медицина қызметкерінің қауіпсіздігі

2025 жылдың 2 маусым күні Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары А.М. Ульбауованың жетекшілігімен арнайы пәндер оқытушысы Байзолдина Ж.С . Хоспис қызметкерлеріне – орта және кіші медициналық персонал үшін “Медициналық эргономика және биомеханика, пациент пен медицина қызметкерінің қауіпсіздігі” тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты – пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің еңбегін қорғау және олардың денсаулығын сақтау.
Қатысушылар семинарға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Персоналға эргономиялық жабдықтарды қолдану техникасы көрсетілді. Әр қызметкерге ұсыныстар жазылған ақпараттық брошюралар таратылды.
1-patsient
2-patsient
3-patsient
4-patsient