Мамыр айында Хоспистің паллиативтік көмек көрсету бөлімшесіне «Чернобыльден де маңызды іс» атты Ирландия қайырымдылық қорының негізін қалаушысы – мейірбике, ерікті Фиона Коркоран жұмыс сапарымен келді.
Ирландиялықтардың қайырымдылық көмегінің арқасында 2017 жылы Семей қаласында паллиативтік емдеуді қажет ететін науқастарға көмек көрсететін алғашқы Хоспис ашылған болатын. Сапар барысында науқастардың өмір сапасын жақсарту мәселелері, ғимаратты күрделі жөндеу жоспары талқыланды.
Фиона Коркоран Хосписке қайырымдылық көмек ретінде: дивандар, үстелдер, орындықтар, орындық скамейкалар, ойық жараға арналған матрастар, теледидар, глюкометрлер, төсек жаймалары, жөргектер сатып алып берді.
Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжінің әкімшілігі Фиона Коркоран бастаған қайырымдылық қорына қолдау және мейірімділік танытқаны үшін алғыс білдіреді.